Мүслім Жиенбаев ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің ғылым және инновация департаментінің директоры болып тағайындалды
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің бұйрығымен Мүслім Жиенбаев ҚР СРИМ Ғылым және инновация департаментінің директоры болып тағайындалды.
Мүслім Рысмаханұлы 1967 жылы 6 желтоқсанда Жамбыл облысында дүниеге келген.
1994 жылы Жамбыл гидромелиоративтік – құрылыс институтын бітірген.
Еңбек жолын 1985 жылы жұмысшы болып бастады.
1995-2003 жылдары Тараз қаласының су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты зертханасының аспиранты, кіші ғылыми қызметкері, аға ғылыми қызметкері;
2003 – 2006 жылдары «Қазагромелисушар» РМО ММ нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, жетекші ғылыми қызметкер - бөлім бастығы;
2006 – 2014 жылдары Су ресурстары комитетінің маманы, бас маманы, бөлім басшысы, бас сарапшысы, басқарма басшысы;
2014 – 2019 жылдары Трансшекаралық өзендер департаменті басқармасының басшысы;
2019 – 2022 жылдары ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Трансшекаралық өзендер департаменті директорының орынбасары болды.