Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
540.84 634.46 6.43

Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі аясындағы экскурсия

21-11-2023, 18:48 Сабина Әлібек

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын сақтау бойынша профилактикалық жұмыстары аясында Министрліктің және Комитеттердің қызметшілеріне тәрбие шарасы ретінде сыбайлас жемқорлық қылмыстарының салдарын түсінуі үшін, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасаудың алдын алу, адамгершілік қағидаттарын қалыптастыру мақсатында, жоспарлы негізде Астана қаласы Полиция департаментінің күдіктілерді, айыпталушыларды уақытша ұстау изоляторына экскурсия ұйымдастырды.

Мұндай іс-шарада әрбір қызмеші сыбайлас жемқорлық іс - әрекеті жасалған жағдайда оның қандай салдары күтілетінін анық түсініп, сезіне алады.

Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру үшін мұндай акциялар өте тиімді және заңсыз әрекеттердің алдын алуға көмектесетіні анық.

Мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің барлық ауыртпалықтары мен салдарын түсінуі тиіс.

Мұндай «акцияның» мақсаты қарапайым-парақорлықтың алдын алу және мемлекеттік қызметте мұндай көріністерге жол бермеу.

Экскурсия сыбайлас жемқорлықпен күресудің ерекше және тиімді әдісі болып табылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив