Cемей-6°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
499.51 525.83 4.62

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ұлыбританияның мемлекеттік министрімен кездесті

22-11-2023, 14:22 Сабина Әлібек

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Ұлыбританияның мемлекеттік министрі Нусрат Ганимен маңызды минералдар саласындағы ынтымақтастыққа бағытталған кездесу өткізді. Бұл кездесу биылғы жылы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қоюмен нығайтылған екі ел арасындағы жемісті ынтымақтастықтың жалғасы болды.

Меморандум маңызды минералдар саласындағы стратегиялық әріптестікті өрістетуді көздейді. Белгіленген мақсаттарға тиімді қол жеткізу мақсатында тараптар Жол картасын әзірледі. Кездесуге қатысушылар осы негізгі құжатқа жақын арада қол қоюға бел буып, осылайша ұзақ мерзімді және өзара тиімді ынтымақтастыққа деген ұмтылыстарын нығайтты.

Министр Қанат Шарлапаев өз сөзінде Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы маңызды минералдар саласындағы ынтымақтастықты кеңейтудің маңыздылығын атап өтті. «Біз бірлесіп жұмыс істеудің орасан зор әлеуетін көріп отырмыз және біздің серіктестігіміз экономикалық өсуге ғана емес, сонымен қатар озық технологияларды енгізудің іргетасы болуға да септігін тигізеді деп сенеміз», - деп атап өтті министр.

Кездесуде тараптар маңызды минералдарды барлау, өңдеу, өндіру саласындағы бірлескен жұмыстардың келешегін талқылады. Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар қайта өңдеу, маңызды минералдарды қайта өңдеу, сондай-ақ электрондық қалдықтар мәселелеріне назар аударды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив