Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
453.71 505.8 5.63

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап су саласы қызметкерлерінің еңбекақысы орта есеппен 25%-ға артады

24-11-2023, 09:21 Сабина Әлібек

Келесі жылдың 1-ші қаңтарынан бастап су саласы қызметкерлерінің еңбекақысы орта есеппен 25%-ға ұлғаяды. Су ресурстары және ирригация министрлігі тиісті шараларды әзірлеп жатыр.

Бұдан бөлек, Қазақстанның әр өңірінде су ресурстарын бөлу және оны пайдалануды бақылау мәселелерімен айналысатын бөлімдер пайда болады.

«Су саласында қызмет етудің тартымдылығын арттыру қажет, еңбекақыны көтеру – осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі. Әрине, жұмыс істеп жүрген кадрларды салада ұстап қалып қана қоймай, уақыт талабына сай мамандардың жаңа толқынын дайындау да маңызды. Министрлік тиісті ұсыныстар енгізу бойынша жұмыс істеп жатыр», - деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив