Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар12°С
480.5 534.22 5.18

Ғалымжан Молдаш ҚР су ресурстары және ирригация министрлігінің ішкі аудит департаментінің директоры болып тағайындалды

23-11-2023, 13:31 Сабина Әлібек

Су ресурстары және ирригация министрінің бұйрығымен Ғалымжан Өмірәліұлы Молдаш ҚР СРИМ Ішкі аудит департаментінің директоры болып тағайындалды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін және Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін бітірген. Құқықтық және экономикалық білімі бар.

Еңбек жолын 1999 жылы «Заңгер» ЖШС заң агенттігі директорының көмекшісі болып бастады.

2000-2008 жылдары Астана қаласы Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің жетекші маманы, бас маманы, бөлім басшысы, департамент басшысының орынбасары;
2008-2010 жылдары Астана қаласы қаржы басқармасы басшысының орынбасары;
2010-2011 жылдары Астана қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары;
2011-2018 жылдары Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы;
2020-2022 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігі Ішкі аудит департаментінің директоры;
2022 жылғы наурыздан қазанға дейін ҚР Білім және ғылым министрлігі Қаржы және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры;
2022 жылғы қазаннан 2023 жылғы қарашаға дейін ҚР Оқу-ағарту министрлігі Бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры болды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив