Cемей-6°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
499.51 525.83 4.62

Гаага қаласында Қазақстанның қатысуымен әртүрлі қоғамдарды біріктіру мәселелері талқыланды

24-11-2023, 10:09 Сабина Әлібек

Гаага қаласында (Нидерланды) «Әртүрлі қоғамдарды біріктіру үшін деректерді жинау, талдау және пайдалану» тақырыбында ведомствоаралық дөңгелек үстел отырысы өтті.

Оған Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдерінен ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердің этносаралық қатынастар саласындағы уәкілетті органдарының өкілдері қатысты. Шараға Қазақстан тарапынан Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин бастаған Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің делегациясы қатысты.

Кездесуді ЕҚЫҰ Аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссар кеңсесі ұлттық азшылықтардың интеграциясы жөніндегі саясатқа жауапты уәкілетті органдар мен мекемелердің өкілдері арасында білім және тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырды.

Қатысушылар ұлттық азшылықтардың құқықтарын қамтамасыз етудегі елдердің тәжірибесін, олардың қоғамға мәдени және тілдік кірігуі, сондай-ақ кемсітушілік пен ксенофобияның әртүрлі нысандарының алдын алу мәселелерін талқылады.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша бұл бағытта жаңа тәсілдер әзірленіп, күн өткен сайын күрделеніп бара жатқан халықаралық жағдайдың қазіргі ерекшеліктерін ескеріп отыру ұсынылды.

Атап айтқанда, Жоғарғы комиссар Қайрат Әбдірахманов ұзақ мерзімді перспективада этносаралық қақтығыстардың алдын алу үшін әртүрлі қоғамдардың интеграциясы мен бірігуіне ықпал ету бойынша ұсыныстар берді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив