Cемей6°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
541.19 636.44 6.49

«Lenovo» компаниясының делегациясымен жоғары технологиялар саласындағы ынтымақтастықтың келешегін талқылады

23-11-2023, 15:23 Сабина Әлібек

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде вице-министр Иран Шарханның Еуропа, Таяу Шығыс және Африка елдеріндегі өңірлік директор Ди Филиппо Джованнидің басшылығымен «Lenovo» компаниясының делегациясымен кездесуі өтті.

Кездесудің мақсаты Қазақстан мен «Lenovo» компаниясы арасындағы ынтымақтастықтың перспективаларын, оның ішінде қазақстандық нарықта техникалық және серверлік технологияларды енгізу мүмкіндіктерін талқылау болды. Компания қызметінің үш негізгі бағытына ерекше назар аударылды: соңғы құрылғылар, инфрақұрылымдық шешімдер тобы және сервистік бөлімше.

«Lenovo» компаниясы Қазақстандағы серверлік жабдықтар мен деректерді сақтау жүйелеріне ерекше қызығушылық танытты. Министрлік өз тарапынан ынтымақтастықтың барлық кезеңдерінде қолдау көрсетуге дайын екендігін растады. Мұндай шешім қазақстандық тараптың елдегі өршіл жобаларды іске асыру үшін озық технологияларды тартуға деген ұмтылысын көрсетеді.

Бұл кездесудің Министрлік пен «Lenovo» сияқты халықаралық компаниялар арасындағы технологиялық ынтымақтастықты нығайтудағы маңызы зор.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив