Елордалық полиция басшысы студенттермен кездесті
Астана қаласы полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессорлық-оқытушылық құрамымен және студенттерімен кездесті.
Марат Төлебаев елордадағы криминогендік жағдайдың жай-күйі туралы айтып, жедел жағдайдың тұрақты екенін атап өтті. 10 мың тұрғынға шаққанда қылмыс деңгейі 4%-ға төмендеді. Кісі өлтіру, ауыр дене жарақатын салу, зорлау, бұзақылық, бопсалау және ұрлық азайды. Қылмыстардың ашылуы жақсарды.
Сонымен қатар ол тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті қатаңдату бойынша заңнамада болған бірқатар өзгерістер, шағын электр көлік құралдары мен электр скутерлерді пайдаланудағы заңнамалық түзетулер туралы хабардар етті.
Полиция ведомствосының басшысы жастарды Жас ұрпақты тартуға ұмтылатын түрлі субъектілердің арандатушылық үндеулеріне және әділетсіз көріністеріне берілмеуін ескертті. Бұл “интернетте оңай ақша табу” мәселесіне қатысты.
Есірткі тарататын жастар интернеттегі алаяқтар мен есірткі сатушылардың қолында қуыршақ болады. Есірткі саласындағы барлық әрекеттер ауыр және аса ауыр қылмыстар санатына жатады, оларды жасағаны үшін жеті жылдан өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Сондай-ақ кездесуде жастар арасындағы қорқыту, тәуелділікті тудыратын ойын-сауық тақырыбы да қозғалды.
Бүгінгі таңда ішкі істер органдары көп функциялы жүйе болып табылады, оған көптеген міндеттер жүктелген. Полиция барлық қылмыстардың 96%-ын тергеп, барлық әкімшілік құқық бұзушылықтардың 97%-ын анықтайды.
Соңында ПД басшысы ынтымақтастық туралы меморандум аясында заң мамандықтарының студенттері маңызды “кадрлық резерв” болып табылатынын атап өтіп, болашақ түлектерді ішкі істер органдарына қызметке шақырды.