Жайық Ерікұлы ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің Жер асты сулары департаментінің директоры болып тағайындалды
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің бұйрығымен Жайық Ерікұлы ҚР СРИМ Жер асты сулары департаментінің директоры болып тағайындалды.
Жайық Ерікұлы 1988 жылы 28 қаңтарда Алматы облысында дүниеге келген.
Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін Су ресурстары және суды пайдалану, Гидрогеология және инженерлік геология мамандықтары бойынша аяқтаған. PhD докторы ғылыми дәрежесі бар.
Еңбек жолын Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің ғылыми орталығында техник болып бастады.
2009 – 2012 жылдары «ПК «Геотерм» ЖШС инженер гидролог;
2012 – 2016 жылдары У.М.Ахмедсафин атындағы гидрогеология және геоэкология институтының ғылыми қызметкері, инженер;
2016 – 2023 жылдары «Аймақтық гидрогеологиялық-мелиоративтік орталық» Республикалық мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары, басшысы болды.