Cемей-5°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
499.51 525.83 4.62

Жыл басынан бері шағын және орта бизнес субъектілері 1,4 млрд. теңге сомасына 364 грант алды

24-11-2023, 17:26 Сабина Әлібек

Бүгінде Үкімет бизнесті ынталандыру үшін ауқымды қолдау шараларын жүзеге асыруда. ҚР ҰЭМ кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба аясында ШОБ-ты қолдаудың қаржылай және қаржылай емес шараларын ұсынады.

Кәсіпкерлерді қаржылай қолдау шаралары:
Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау
Несиелер бойынша ішінара кепілдік беру
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар
ШОБ объектілері мен индустриялық аймақтарға инфрақұрылым жүргізу

678,4 млрд. теңгеге 9 079 жоба субсидияланды

269 млрд. теңге сомасына 6 952 жоба кепілдендірілді

1,4 млрд. теңгеге 364 грант берілді

Қажетті инфрақұрылымды жүргізу бойынша 23 жобаны іске асыру үшін 15 млрд. теңге бөлінді

Кәсіпкерлерді қаржылай емес қолдау шаралары:
Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету
Жұмыс істеп тұрған бизнесті жүргізуге сервистік қолдау көрсету

Ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету қызметтері аудандық деңгейдегі кәсіпкерлерге қызмет көрсететін 189 орталықтардың базасында «офлайн» режимде және www.G4B.kz. веб-порталы арқылы «онлайн» режимінде ұсынылады. 2023 жылдың 3 тоқсанының қорытындысы бойынша 37 523 кәсіпкерге 124 662 кеңес берілді.

Жұмыс істеп тұрған бизнесті жүргізуді сервистік қолдау шеңберінде кәсіпкерлер келесідей қызмет түрлеріне жүгіне алады:

Заң мәселелері және конкурстық (тендерлік) рәсімдер

Маркетинг

Қаржыландыру және мемлекеттік қолдау
Биылғы жылдың 3 тоқсанының қорытындысы бойынша 18 154 ШОБ (шағын және орта бизнес) субъектісіне 21 292 сервистік қызмет көрсетілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив