Cемей25°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
489.39 567.5 6.69

ТЖМ мен Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа орталық өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

24-11-2023, 18:48 Сабина Әлібек

ТЖ министрі генерал-майор Сырым Шәріпханов пен  «Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа орталық» РҚБ төрағасы Руслан Асылбеков өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумның мақсаты Қазақстан Республикасы Президентінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын ілгерілетуге және іске асыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданатын шаралардың тиімділігін арттыруға, оны тудырушылардың себептері мен жағдайларын жоюға бағытталған бірлескен және келісілген іс-қимылдарды әзірлеу мен іске асыру болып табылады.

Тараптар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және оның алдын алу жөніндегі шараларды іске асыруда ынтымақтасуға, сыбайлас жемқорлыққа қатысты төзбеушілік атмосферасын құруға ықпал ететін іс-шараларды жүргізуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың шоғырландырылған нысандары мен әдістерін әзірлеуге ниетті.

ТЖМ-де өткізіліп жатқан трансформация аясында меморандумға қол қойылды.

«Министрлік ашық, оның ішінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне бейім жосықсыз қызметкерлерді анықтау бойынша жұмыс форматына көшті», - деп Сырым Шәріпханов белгіленген іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив