Cемей-5°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
499.51 525.83 4.62

Қазіргі құлдық дегеніміз не?

24-11-2023, 19:23 Сабина Әлібек

Біріккен Ұлттар Ұйымының хаттамасына сәйкес, адам саудасы – адамдарды одан әрі қанау мақсатында жалдау, тасымалдау; адамға күш қолдану, қорқыту, адамды сату немесе сатып алу немесе мәжбүрлеудің басқа түрлерін қолдану, ұрлық, алаяқтық, адамның билігін немесе осал жағдайын теріс пайдалану, пара беру немесе басқа адамның бақылауындағы адамның келісімін алу үшін қысым жасау. 

Халықаралық қауымдастық адам саудасын адам құқықтарын өрескел бұзушылық деп таниды. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында «ешкімді құлдықта немесе өз еркінсіз мәжбүрлеп ұстауға болмайды» деп жазылған, өйткені «барлық адамдар өздерінің қадір-қасиеті мен құқықтары бойынша еркін және тең болып туылады». 

Біреулер қызықты әрі  табысты жұмыс ұсынса ол тұзақ болуы мүмкін. «Құлдық» сөзін естігенде, үшінші әлем елдері, американдық геттолар немесе африкалық лашықтар елестейді. Бірақ адам саудасы - бұл көптеген басқа да көріністері бар жаһандық мәселе. Көптеген адамдар тіпті жақын маңда жұмыс істеп жүрген айналасындағы дала сыпырушы немесе үй күтушілері еңбек құлдығының құрбаны болып жүргенін байқамай қалуы мүмкін. 

Көрші мемлекеттермен шекаралардың ашықтығы, көші-қон ағындарының күшеюі, дамып келе жатқан экономика және салыстырмалы саяси тұрақтылық Қазақстанды адам саудасы орын алатын, құлдық құрбандары көп шығатын елге айналдырды. Құқық қорғау органдары академиясының мәліметінше, қазақстандықтар Ресейде, Израильде, Батыс және Шығыс Еуропа елдерінде, араб аймақтарында еңбек құлдығына түседі. Саудагерлер адамдарды таптап жинап, ауылшаруашылық, құрылыс және үй жұмыстарында пайдалану мақсатында шетелге әкететін жағдайлар да бар. 

Мысалы, қазақстандық би ұжымдары Түркияға, Иорданияға және Израильге гастрольдік сапарға барым, онда қыздар интимдік қызмет көрсетуге мәжбүр болды. Мұндай қақпанға көбінесе материалдық жағдайы төмен, аз қамтылған адамдар түседі.

Егер Сіз адам саудасы немесе еңбек құлдығы жағдайларына тап болсаңыз, дереу 102 нөмірін теріп полицияға немесе 116-16 нөміріне хабарласыңыз.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив