Cемей5°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
452.59 507.67 5.48

Қазақстан мен Иран арасында кезекті консулдық консультациялар өтті

15-02-2023, 17:24 Думан Кенжеғазыұлы

Тегеран, 2023 жылғы 14-15 ақпан  – Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы сыртқы саяси ведомстволарының арасындағы консулдық мәселелер бойынша консультациялардың 10-шы отырысы өтті.

Қазақстан делегациясын Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің директоры Бауыржан Ақатаев, Иран делегациясын Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қатынастар жөніндегі бас директоры Алиреза Махмуди басқарды.

Іс-шара барысында тараптар консулдық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың ауқымды мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, екі ел аумақтарындағы азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау және екіжақты өзара визалық режимді одан ары жеңілдету жолдары туралы мәселелер қарастырылды.

Консультациялар ашық, конструктивті және достық атмосферада өтті. Оның қорытындысы бойынша тиісті Хаттамаға қол қойылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив