Қорғаныс министрлігінің делегациясы Үндістандағы авиациялық көрмеге қатысуда
Aero India 2023 XIV Халықаралық Қорғаныс көрмесі Үндістанның Бангалорындағы Yelahanka әуе күштері базасында өтіп жатыр.
Қазақстандық делегацияны Бас қолбасшының қару-жарақ жөніндегі орынбасары – Әуе қорғанысы күштері қару-жарақ бас басқармасының бастығы полковник Ержан Нілдібаев басқарып барды.
Aero India халықаралық әуе көрмесі жыл сайын әскери мақсаттағы өнімдерді сатып алуға, бірлескен зерттеу бағдарламаларын құруға және технологиялық серіктестікті дамытуға мүдделі ондаған мың келушілер мен мамандарды жинайды.
Азиядағы ең ірі халықаралық авиациялық көрмеде әлемдік көшбасшылар жауынгерлік авиацияның, ұшқышсыз ұшу аппараттарының, авиакөліктің, әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдарының, навигациялық қамтамасыз ету аспаптарының, қауіпсіздік жүйелері мен жерге қызмет көрсету технологияларының заманауи үлгілерін ұсынады.