Cемей7°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар12°С
480.5 534.22 5.18

Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің құрамасы футболдан үздік атанды

4-12-2023, 13:55 Сабина Әлібек

ҚР Көлік министрлігі мен Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қызметкерлері арасында армрестлинг, үстел теннисі, арқан тарту, волейбол және футболдан ұйымдастырылған спартакиада өз мәресіне жетті.

Айта кетерлігі, екі министрліктің қызметкерлерінен жалпы саны 10 команда жасақталып, тартысты өткен спартакиаданың топтық кезеңінің нәтижесінде бірқатар команда футбол мен волейболдан жартылай финалға жолдама алған болатын. Нәтижесінде Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің құрамасы дәстүрлі спартакиадада жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп, футболдан жеңімпаз болды.

Осылайша спорттық іс-шараның қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Орталық аппаратыбірінші орынға шықты. Жүлделі 2 орынды Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті, 3 орынды Көлік министрлігінің Орталық аппараты иеленді. Ал жүлделі 4 орын Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетіне бұйырса, 5 орында Автомобиль жолдары комитетінің құрама командасы тұрақтады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен, медальдармен, кубоктармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Атап айтқанда, жалпы командалық есепте бірінші орын алған командаға 300 мың теңге, екінші орынға  200 мыңтеңге, үшінші орынға 100 мың теңгелік сертификаттар табысталды.

Футбол бойынша

1 орын – Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті;

2 орын – Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті;

3 орын – Автомобиль жолдары комитеті;

«Үздік жанкүйер» номинациясы бойынша  АККБК;

«Үздік қақпашы» номинациясы бойынша  Еркебұлан Сағатбек АЖК;

«Үздік қорғаушы» номинациясы бойынша  Қайсар Мажитов АККБК;

«Үздік сұрмерген» номинациясы бойынша  Абылайхан Ештай ҚТҮКШІК.

Волейбол бойынша

1 орын – ҚТҮКШІК;

2 орын – Геология комитеті;

3 орын – АККБК;

«Үздік жанкүйер» номинациясы бойынша  ҚТҮКШІК;

«Үздік байланыстырушы» номинациясы бойынша Салтан Иманбеков ГК;

«Үздік блок қоюшы» номинациясы бойынша  Алина Мусина АККБК;

«Үздік ойыншы» номинациясы бойынша  Жандос Мусаев ҚТҮКШІК.

Арқан тартудан

1 орын – Көлік министрлігінің Орталық аппараты;

2 орын – АЖК;

3 орын – АККБК;

«Үздік жанкүйер» номинациясы бойынша  АЖК.

Армрестлинг бойынша

1 орын – Өнеркәсіп комитеті (Жандос Кабдешев, Айгерим Исабекова);

2 орын – Көлік министрлігінің Орталық аппараты (Ернар Абильдаев, Баян Бакеева);

3 орын – АЖК (Еркебұлан Сағатбек, АсельКасенова);

«Үздік жанкүйер» номинациясы бойынша  Көлік министрлігінің Орталық аппараты.

Үстел теннисі

1 орын – Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Орталық аппараты;

2 орын – ҚТҮКШІК;

3 орын – Азаматтық авиация комитеті;

«Үздік жанкүйер»  Теміржол және су көлігі комитеті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив