Cемей9°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

170 мыңға жуық қазақстандық мемлекет кепілдік берген заң көмегін алды

15-02-2023, 20:03 Думан Кенжеғазыұлы

2022 жылы 170 мыңға жуық қазақстандық мемлекет кепілдік берген заң көмегін алды. 2021 жылмен салыстырғанда өтініш берген азаматтардың саны 38% - ға артқан. Оған мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға құқығы бар азаматтар санатының кеңеюі себеп болған.

Осылайша, көмек алуға құқылы тұлғалар санатына - кәсіпкерлік қызметпен байланысы жоқ, күнкөрісі деңгейі төмен, көп балалы отбасылар, тұрмыстық зорлық-зомбылық, азаптау құрбандары, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар тұлғалар, зейнеткерлер, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауға, алимент өндіріп алуға, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендер құқықтарын қорғауға байланысты даулар бойынша талапкерлер мен жауапкерлер кіреді.

Айта кету керек, заң көмегін алуға құқылы азаматтар санатын кеңейту оған шынымен мұқтаж азаматтардың білікті заң көмегін алу бойынша конституциялық құқығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың бірі.

Сондай-ақ, мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге құқығы бар адамдардың қатарына заң консультанттары да енгізілді. Сонымен қатар, 2022 жылы азаматтарға 148 мыңнан астам құқықтық кеңес берілген. Атап айтқанда мұндай көмек: - 1414, сондай-ақ 119 бірыңғай нөмірлеріне қоңырау шалу (тәулік бойы консультациялар, Қазақстанның кез келген жерінен стационарлық телефондардан тегін қоңырау шалу, байланыс операторларының тарифтері бойынша ұялы телефоннан 87172580058 нөміріне қоңырау шалу); - WhatsApp (8 708 693 56 31); - telegram bot 119Kenesbot; - «Әділет» ҚР НҚА ДБ «Виртуалды консультанты» виджеті; - «Әділет» ҚР НҚА ДБ өтініштерді қабылдау модулі арқылы келіп түскен онлайн-консультациялар; - Әділет министрлігінің құзыретіне кірмейтін МО ИРБП-нің «Сұрақ-Жауап» айдарына келіп түскен жазбаша өтініштер арқылы көрсетіледі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив