Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да профилактикалық қар көшкіні түсірілді

16-02-2023, 12:31 Думан Кенжеғазыұлы

«Қазселденқорғау» филиалының ШҚ бақылаушыларының мониторингінен кейін көшкін қаупі бар беткейлерде желдің салдарынан қардың жиналғаны атап өтілді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында осы ведомствоның мамандары мен ШҚО ТЖД құтқарушылары "Өскемен-Алтай" жолында профилактикалық көшкін  түсіру бойынша іс-шаралар өткізді.

«Алдағы демалыс күндері адамдар елді мекендердің аумағынан тыс жерлерге, демалыс базаларына белсенді түрде баратын болады, ал әзірге қар массасы түсірілмесе, бұл қауіпсіз емес, сондықтан біз алдын ала осындай  жұмыстарды жүргізіп жатырмыз», - деп "Қазселденқорғау" ШҚ филиалының директоры Омар Дүзгімбаев айтты.

Жүргізілген 2 жару нәтижесінде 2050 текше метр қар массасы шығарылды.

Шығыс Қазақстанда барлығы 497 көшкін жинағы бар, оның ішінде 325 ошақ қауіп төндіреді. Ең қауіпті бағыттар - Өскемен-Самар 95-102, 132-137 км, Өскемен - Таулы Үлбі 30-37 км, Өскемен-Северное-Серебрянск 58-65 км.

Қысқы кезеңде қар көшкіні жағдайына тәулік бойы мониторинг жүргізіледі.

«Тұрғындарға қар көшкіні қаупі бар уақыт - қалың қар жауғаннан кейін 3-5 күн ішінде, аяздан кейінгі еру, қатты жел екенін еске саламыз. Осы уақытта тауға барудан бас тартқан дұрыс. Егер сіз қар көшкіні қаупі бар аймақта болсаңыз: қар көшкіні болуы мүмкін жерлерді біліңіз. Рұқсат етілмеген жерлерде жүруден аулақ болыңыз. Әрқашан зарядталған телефонды өзіңізбен бірге алып жүріңіз. Тауларда болған кезде ауа-райының өзгеруін қадағалаңыз. Көшкін қаупі бар көлбеуді бір-бірлеп және мүмкіндігінше жоғары кесіп өтіңіз. Қауіпсіз жол – бұл тау жотасы. Тыныштықты сақтаңыз. Есіңізде болсын, қатты айқай қар көшкінін тудырады. Көлікте қар көшкіні қаупі бар учаскенің жанынан өтіп бара жатып тоқтамаңыз. Ерекше қажеттіліксіз таулы аймақтағы сапарлардан бас тартқан дұрыс», - деп ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Арман Тоқанов еске салды.

Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарлаңыз.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив