Cемей20°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.93 548.43 6.61

Мұғалімдердің шығармашылық жұмыстары облыстық байқауда ұсынылды

20-12-2023, 12:46 018.kz

Республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсының облыстық кезеңі өтті. Байқау мақсаты-педагогтердің шығармашылық жұмыстарын қолдау, кәсіби өсуін ынталандыру, мұғалімдердің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату.

Мұғалімдерге арналған фестивальда «Білім беру жүйесіндегі менеджмент», «Шеберлік палитрасы», «Шығармашыл толқын», «Сабақ аяқталған соң…», «Психолог сандықшасы» бағыттары бойынша жұмыстар бағаланды.

Байқауға мектеп директорлары, орынбасарлары, пән мұғалімдері, сынып жетекшілері, психологтар, логопед пен дефектологтар, бастауыш сынып мұғалімдері, мектепке дейінгі білім беру ұйым педагогтері мен әдіскерлері жиналды. Жиыны 80-ге жуық қатысушы өз бағыттары бойынша инновациялық әдіс-тәсілдерін таныстырып, бақ сынады.

Қатысушылар ТЕДх форматында педагогикалық идеяларын ұсынды. Байқау нәтижесі бойынша жеңімпаздар анықталды. Әр бағыттан жүлделі І орын алған қатысушы 10 мұғалімнің жұмыстары озық деп танылып, республикалық кезеңге жолдама алды.

Айта кетейік, педагогикалық идеялар фестивалі облысымызда биыл екінші рет ұйымдастырылып отыр. Былтырғы оқу жылымен салыстырғанда қатысушылар саны артты. Республикалық кезең 2024 жылғы қаңтар айында болады деп күтілуде.

Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив