Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.96 533.03 5.22

Роман Скляр ГФР Бундестаг делегациясымен кездесті

21-02-2023, 15:38 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр «Германия – Орталық Азия» парламенттік тобының төрағасы Ойген Шмидт басқаратын ГФР Бундестаг делегациясымен кездесті.

Сонымен қатар талқылауға депутаттар Томас Барайсс, Кристиан Горке, Кристиан Шрайдер, ГФР-дің Қазақстандағы елшісі Моника Иверсен қатысты.

Әңгіме барысында тараптар қазақ-неміс сауда-инвестициялық өзара іс-қимылының басым бағыттарын дамыту мәселелерін талқылады, «жасыл» экономика және энергетика саласындағы перспективалы жобалар бойынша пікір алмасты.

Қазақстан мен Германия арасындағы тығыз саяси диалогты атап өткен Р. Скляр екіжақты тауар айналымының өсіп келе жатқанына және біздің елімізге тартылған тікелей неміс инвестицияларының ұлғайып жатқанына назар аударды.

Өз кезегінде депутаттар ҚР Үкіметі жанындағы Неміс бизнесімен инвестициялық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі арнайы жұмыс тобының қызметін жоғары бағалады және ГФР Бундестагының салалық комитеттерінің желісі бойынша өзара іс-қимылды нығайтуға үлес қосуға дайын екендерін білдірді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив