Төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстарын жүргізудің маңызы зор
Апаттың өзімен емес себебімен күресіп, алдын алу шараларын атқару өте маңызды. Өйткені апаттың шығынын өтеу, қалпына келтіру өте қиынға түсіп, тіпті орны толмас өкініштерге ұласып, қайғылы жағдайлармен аяқталуы да мүмкін. Апат айтып келмейтінін ескерсек бұндай алдын алу шаралары жылдың әр мезгіліне орай туындайтын қауіпке байланысты дәл сол уақытта ғана емес, одан бірнеше ай бұрын жасалғаны жөн.
Осы орайда бүгін Шәкәрім университетінде төтенше жағдайды алдын алу және жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау тәртібін түсіндіру бойынша білім алушылармен кездесу өтті. Шараны университеттің Қауіпсіздік қызметі бөлімі Семей қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы басшылығының қолдауымен ұйымдастырды.
Кездесуде ТЖ қызметкерлері аман қалудың қамын жасау үшін апатқа дейін, апат кезінде және одан кейін не істеу керек сынды сауалдарға жауап берді.
- ЖОО үшін білім алушылар мен қызметкерлердің қауіпсіздігі басты назарда. Қауіп-қатердің алдын алу жұмыстарын өткізу мақсатында құзырлы мекемелермен бірлесіп бірқатар кешенді жұмыстар атқарылады. Ақпан айының соңына дейін кездесулер мен арнайы тактикалық оқу-жаттығулар өткізіледі,- деді оқу орнының ТҚ және ТЖ инженері Бауыржан Кенесбаев.
Жер сілкінісі ойда жоқта келгенін ескерсек, төтенше жағдай кезіндегі өз әрекеттерін алдын-ала жоспарлап қою өте маңызды. Белгілі бір жағдайда қандай әрекет жасау керек екенін білгенде, өз өмірін сақтап қалу мүмкін. Негізінде, өлім және жер сілкінісі кезіндегі алған жарақаттардың себебі жер асты дүмпуі емес. Өлімдердің көбі ғимараттардың қирауы, сынықтар мен пеш мұржаның және көшедегі жарықтандыру бағананың сынықтары және т.б. сияқты заттардың құлауы нәтижесінде пайда болады.
Жер сілкінісі кезінде қауіп-қатерді болдырмау үшін арналған жалпы ұсынымдар:
• жиһаздың ауыр заттары құлайтын жерде ұйықтауға болмайды. Салмағы ауыр заттарды еденге немесе қабырғаға шегелеп қою қажет.
• биік сөрелерге ауыр заттарды қоймаңыз, өйткені олар құлап адамдарды жарақаттауы мүмкін.
• егер де жер сілкінісі түнде болса, шамды даярлап қою керек.
• төтенше жағдайлар туындағанда жеткілікті көлемде ішетін су мен тағам болу керек.
• Әрбір адам әр түрлі жағдайларда әрекет ету жоспарын өзі жасау керек. Жер сілкінісі кезінде өзі және отбасы мүшелерінің әрекет ету жоспарын анық білу қажет.
• Жер сілкінісі кезінде сабырлылықты сақтаңыздар, лайықты іс жасап, ҮРЕЙГЕ ЖОЛ БЕРМЕҢІЗДЕР!
Тағыда оқыңыз
Шәкәрім шаңырағы – Абай елінің рухани қара шаңырағы!Кредиттер бойынша мерзімі өткен берешекті қалай реттеуге боладыПартиялық тізімдерді тіркеудің, жеребе тартудың, шетелдік байқаушыларды аккредиттеудің және сайлау алдындағы үгіттің қорытындылары туралыАБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІҚазақстан Президенті Орталық Азия Парламенттерінің өкілдеріне үндеу жолдады