Cемей-3°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
513 541.16 4.69

Ішкі сауда қағидаларының жобасы

12-03-2024, 20:03 Мадина Айдарова

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті жаңа редакциядағы Ішкі сауда қағидаларының жобасын әзірледі.

Жобада сауда объектілерінің түрлері бойынша заңнамалық тексеру көзделген. Сауда қызметін реттеу туралы Заңмен 25 қайталанатын ұғымдармен нормалар алынып тасталды. Тұжырымдамалық аппарат франчайзинг, кооперация, мерчендайзинг, фейсинг және т.б. сияқты ішкі сауданы дамытудың жаңа бағыттарын реттеуге бағытталған 24 жаңа тұжырымдамамен толықтырылды

Қағидалардың құрылымы қайта қаралды, жоба 6 Тарау мен 27 параграфтың болуын көздейді.

Жергілікті атқарушы органдар мен СИМ-нің аумақтық бөлімшелері үшінішкі сауданың негізгі көрсеткіштерін айқындау мақсатында есептеулердің тиісті тәртібі (әдістері) әзірленді:

1) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтерін айқындау;

2) сөре кеңістігінің үлесі;

3) сауда объектілерінің мамандануын айқындау;

4) заманауи сауда форматтарының үлестері.

Қағидаларда ұлттық және мемлекетаралық стандарттарға 15 тікелей және 12 жанама сілтеме келтірілген. Осылайша, сауда қызметтеріне, шағын бөлшек сауда желілеріне, базарларға, қоғамдық тамақтандыру, электрондық сауда объектілеріне қойылатын жалпы талаптар, сондай-ақ персоналға қойылатын талаптар стандартталған.

Ішкі сауда субъектілерінің сатып алу стандарттарын пайдалануы жөніндегі тетік енгізіледі.

Сондай-ақ, жәрмеңкелерді ұйымдастыру және өткізу бойынша талаптар егжей-тегжейлі баяндалған. Жергілікті атқарушы органдар орналасқан жері көрсетілген жәрмеңкелерді өткізу күнтізбесін бекітеді, оның тақырыбын айқындайды және қазақстандық өнім өндірушілерді тегін сауда орындарымен қамтамасыз етеді.

Бұдан басқа, Қағидаларға арзандатылған тауарларды өткізу бойынша жекелеген талаптар және сатуды өткізу тәртібі енгізілген.

Жобаны қабылдау сауда инфрақұрылымын дамыту жөніндегі стратегиялық міндеттерді іске асыруға назар аударуға мүмкіндік береді, сондай-ақ сауданың заманауи форматтарының тұрақты және теңгерімдіөсуіне жағдай жасайды.

ҚР Сауда және интеграция министрінің «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының жобасын талқылау 2024 жылғы 27 наурызға дейін «Ашық НҚА» порталында жалғасады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив