Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар12°С
479.71 533.77 5.16

Астанада АӨСШК Арнайы жұмыс тобының отырысы өтті

13-03-2024, 19:30 Мадина Айдарова

Астана, 2024 жылғы 12 наурыз – Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Талғат Қалиевтің төрағалығымен онлайн форматта Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің (АӨСШК) Арнайы жұмыс тобының (АЖТ) отырысы өтті.

Отырыс барысында қатысушылар АӨСШК-ға мүше мемлекеттердің жетекші университеттерінің серіктестік желісін құру жөніндегі меморандум мен Экология мәселелері жөніндегі конференциясының қорытынды құжат жобаларын, сондай-ақ Талдау орталықтары форумының 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспарын қарастырды.

Сонымен қатар іс-шара барысында қатысушылар Біріккен Ұлттар Ұйымының Терроризмге қарсы басқармасы және Азия мен Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссия (АТМЭӘК) сияқты құрылымдарымен ынтымақтастық орнату перспективаларын талқылап, басым салалар мен өлшемдерде тұжырымдамалар мен үйлестіру бойынша қол жеткізілген жетістіктер туралы ақпаратты тыңдады.

Кездесудің қорытындысы бойынша АӨСШК Аға лауазымды тұлғалар комитетіне (АЛТК) ү.ж. 14 наурызда Астанада өтетін кезекті АЛТК отырысында аталған мәселелер бойынша шешім қабылдауға ұсыныс жасалды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив