Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
513 541.16 4.69

ТжКБ-ның 500-ден астам өкілі білім беру бағдарламаларын әзірлеу кезінде кәсіптік стандарттарды қолдану бойынша оқытудан өтті

15-03-2024, 10:27 Мадина Айдарова

Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық орган Ұлттық біліктілік жүйесін (бұдан әрі – ҰБЖ) дамыту шеңберінде кезекті оқыту семинарын өткізді. Семинарға техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының және «Talap» КЕАҚ 500-ден астам өкілдері қатысты.

Семинар спикері, тәуелсіз сарапшы, «Эрнст энд Янг» халықаралық аудиторлық-консалтингтік компаниясының консультациялық қызметтер департаментінің менеджері Елена Зигангирова Ұлттық біліктілік жүйесінің құрылымымен таныстырды.

Семинарға қатысушылар білім беру бағдарламаларын әзірлеу кезінде кәсіптік стандарттарды қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар жобасын жан-жақты талқылады.

Сонымен қатар, семинарға қатысушылар дағдыларды үздіксіз дамыту, мансаптық өсуді ынталандыру және «өмір бойы оқыту» тұжырымдамасын ілгерілету үшін жағдай жасауға бағытталған Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасымен танысты.

Семинар барысында қатысушылар ҰБЖ дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың барлық кезеңдерін қарастырып, пікір алмасты және бар проблемаларды талқылады.

Сараптамалық қоғамдастықтар өкілдеріне арналған семинарлар циклі Қазақстанның Ұлттық біліктілік жүйесін дамытуға мүдделі тараптардың қатысу дәрежесі мен сапасын арттыру мақсатында өткізіледі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив