Еңбекминінің жобалық кеңсесі ҰБЖ дамыту бойынша оқыту жүргізеді
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – ЕХӘҚМ) жанындағы Ұлттық біліктілік жүйесін (бұдан әрі – ҰБЖ) дамыту жөніндегі жобалық кеңсесі ҰБЖ дамыту тақырыбы бойынша әртүрлі мемлекеттік органдардың өкілдерін оқытуды жалғастыруда. Кезекті семинарда қаржы, төтенше жағдайлар, әділет, оқу-ағарту министрліктерінің, сондай-ақ ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілдері тыңдаушылар болды.
Семинардың негізгі спикерлерінің бірі «Эрнст энд Янг Казахстан» ЖШС менеджері Ләззат Қамзебаева болды, ол басқа елдерде ҰБЖ дамыту тәжірибесімен бөлісті, атап айтқанда ол салалық органдардың кәсіптік дағдылар бойынша жұмысын ұйымдастыру туралы хабардар етті (Sector Skills Bodies).
Жобалық кеңсенің сарапшысы Мейрамкүл Құлжанбекова Ұлттық қызметтер сыныптауышы (бұдан әрі – ҰҚС) туралы баяндама жасап, жіктеу принциптері мен ережелері, осы жіктеуіштің құрылымы және негізгі топтардың сипаттамасы туралы айтып берді.
«Жалпы ҰҚС 10 негізгі топқа бөлінеді. Алғашқы тоғызына басшылар мен мемлекеттік қызметкерлерден бастап біліктілігі жоқ жұмысшыларға дейінгі салалар мен бағыттардың көп бөлігі кіреді. Мен оныншы топты атап өткім келеді, оған біз ақпарат алу және міндеттер шеңберін анықтау қиын барлық мамандықтарды жатқызамыз. Мысалы, бұл топқа әскери қызметкерлер мен арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері кіреді», – деп атап өтті сарапшы.
Сондай-ақ, спикер кәсіптік стандарттарды ескере отырып, осы жылы ҰҚС жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жоспарланып отырғанын атап өтті. Қазіргі уақытта жоба мемлекеттік органдармен, «Атамекен» ҰКП және жұмыс берушілер қауымдастығымен келісілуде.
Семинарға қатысушылар «Кәсіптік біліктілік туралы» заң жобасын, Ұлттық және салалық біліктілік шеңберін, кәсіптік стандарттарды әзірлеу мәселелерін талқылады.
Семинардың тағы бір тақырыбы ҰБЖ әзірленіп жатқан Career Enbek цифрлық платформасының тұсаукесері болды, ол ҰБЖ барлық қатысушыларының тиімді өзара іс-қимыл алаңына айналады. Сонымен қатар, Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасы көрсетілді.
Семинарлар циклі мүдделі тараптардың Қазақстанда ҰБЖ дамытуға қатысу дәрежесі мен сапасын арттыруға бағытталған.