Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
513 541.16 4.69

Отандық өндірушілерді қолдау шаралары қолға алынбақ

20-03-2024, 18:48 Мадина Айдарова

Мемлекет басшысы өз Жолдауында жаңа өнеркәсіптік саясатқа көшуді, мықты өнеркәсіптік каркас пен экономикалық өзін-өзі қамтамасыз етуді, қайта өнделуі жоғары кластерлерін құруды, елішілік құндылықты арттыру міндетін қойды. Елдегі өндірістік циклды тұйықтауды, ал мемлекеттік қолдауды технологиялық күрделілік деңгейі бойынша саралауды тапсырды. Сондай-ақ Президент өнімдердің Қазақстаннан шыққанын растау тетіктерін қайта қарауды тапсырды. Осы орайда отандық өндірушілерді қолдау шаралары қолға алынды. Бұл туралы ҚР сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Балықбаев ОКҚ алаңында мәлімдеді.

Оның хабарлауынша, бүгінгі таңда негізінен мемлекеттік сатып алу шеңберінде ғана қолдау шаралары бар. Мәселен, «Самұрық-Қазына» қоры, «СК-Фармация» компаниясының дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды ұзақ мерзімді сатып алулары, тауарларды, оның ішінде еркін қоймалар мен еркін экономикалық аймақтан ЕАЭО елдеріне экспорттағанда бизнес өкілдері СТ – KZ және индустриялық сертификаттарын ұсыну керек. Тек осы жағдайда ғана шығындар өтеледі. 

Бұл сертификаттардың әрқайсысы өз кезеңінде отандық өндірушілерді қолдауда белгілі бір рөл атқарғаны сөзсіз.

«Сонымен қатар бүгінде бұл құралдардың әрқайсысының өзіндік кемшіліктері бар. Мәселен, аталған сертификаттар белгілі бір дәрежеде бір-бірін қайталайды, бұл өндірушілердің оларды алуға шығындарының өсуіне әкеп соғады. Сараптамалық ұйымдарға олардың біліктілігі мен жауапкершілігін, сондай-ақ салалық ерекшеліктерін растайтын талаптар жоқ. Өндірістің нақты бар жоғын тексерудің мүмкіндігі жоқ. Қазақстандық өндірісті растау жүйесі нақты технологиялық операцияларды растаудың орнына негізінен елішілік құндылық үлесіне және адвалорлық үлесті есептеуге негізделген. Әртүрлі сертификаттарды алу және кейіннен әртүрлі тізілімдерге енгізу талабы. Өндірісті растау үшін барлық интеграциялары бар бірыңғай мемлекеттік ақпараттық база жоқ», – деді вице-министр.

Осыған байланысты ҚР Парламенті Сенатының депутаттары қазақстандық тауарлардың біріңғай тізімін құруды көздейтін «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне тауарлардың шығарылған елін айқындау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасына бастама жасады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив