Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай-33°С
  • Аягөз-39°С
  • Ақсуат-33°С
  • Бородулиха-26°С
  • Қалбатау-31°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-33°С
  • Үржар-30°С
443.16 480.39 4.94

2022 жылы ҚР нарығына дәрілік заттардың 117 атауы жіберілмеді

10-02-2023, 16:31 Думан Кенжеғазыұлы

Өткен жылы Қазақстанда теріс қорытындылар беріліп, нарыққа дәрілік заттардың 117 атауы мен медициналық бұйымдардың 164 атауы жіберілмеді, деп хабарлады бүгін брифингте Денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев.

«Жыл сайын Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығы дәрілік заттарға 6 мыңға жуық сараптама және медициналық бұйымдарға 5 мыңға жуық сараптама жүргізеді. Жақында көршілес Өзбекстанда этиленгликолдің жоғары дозасы бар және теріс салдарға әкеп соқтырған дәрілік препарат бойынша болған оқиға оларды нарыққа жіберу кезінде мемлекет тарапынан қатаң бақылау қажеттігін тағы да растайды», - деп атап өтті вице-министр.

Ол соңғы 4 жылда Денсаулық сақтау министрлігі тіркеуден бас тартқанын және құрамында этиленгликолдің жоғары дозасы бар әртүрлі өндірушілердің 10 дәрілік препаратын нарыққа жібермегенін айтты.

Ж. Бүркітбаевтың айтуынша, ұлттық тіркеу талаптары ЕурАзЭҚ талаптарына және халықаралық нормаларға толық сәйкес келтірілген, бұл қазақстандық нарықта дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың күмәнді сапада пайда болу қаупін іс жүзінде жояды.

Бүгінде республикада 7,5 мыңға жуық дәрілік препарат пен 11 мыңнан астам медициналық бұйым тіркелген. 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызмет комитеті өткен жылы дәрілік заттардың бөлшек сауда нарығына 2,7 мыңнан астам тексеру жүргізді, оның қорытындысы бойынша 579 әкімшілік хаттама жасалып, 90 млн.теңгеден астам сомаға айыппұл салынды, деп хабарлады Жандос Бүркітбаев.

Оның айтуынша, бұл ретте 66,5 млн. теңге сомаға айыппұл салумен дәрілік заттарды заңсыз өткізудің 588 фактісі анықталды, заңсыз айналымнан 10 млн.астам дәрілік зат пен медициналық бұйым қаптамасы алынды.

«Тіркелген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды бақылау шеңберінде олардың сапасына бағалау жүргізіледі. Осылайша, жыл сайын Ұлттық сараптама орталығы сапаны бағалау кезінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға 100 мыңға жуық сәйкестік сертификатын, сондай - ақ 2000-ға жуық теріс қорытынды береді, бұл сапаны бағалаудың жалпы санының 0,2% -ын құрайды», - деп атап өтті Ж. Бүркітбаев.

Бұдан басқа, дәріханаларда, қоймаларда және медициналық ұйымдарда орналасқан дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарға қатысты олардың сапасын тексеру үшін іріктеу рәсімі жүргізіледі.

Сондай-ақ, ол фармакологиялық қадағалау тарапынан тіркеуден кейінгі кезеңде дәрілік препараттарды қолданудың жағымсыз салдарын анықтауға, талдауға, бағалауға және алдын алуға бағытталған сапа мен қауіпсіздікті бақылау шаралары туралы айтты.

Ол жыл сайын дәрі-дәрмектердің жағымсыз реакциялары мен медициналық өнімдердің қолайсыз оқиғалары туралы 3000-ға жуық хабарлама келіп түсетінін хабарлады.

2022 жылғы «пайда-қауіп» арақатынасын бағалау нәтижелері бойынша қауіпсіздік пен сапаға байланысты емес, бірақ тіркеу деректерін нормативтік құжаттарға сәйкестендіруге бағытталған 34 дәрі-дәрмекті тіркеу куәлігі тоқтатылды. 

МФБК деректері бойынша қазіргі уақытта елімізде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласындағы 12 922 объект бар, оның ішінде: 9 861 - дәріхана мен дәріхана пункті; 1842 - ДЗ және МБ қоймасы; 1128 - оптика және МБ дүкені; 97 - ДЗ және МБ өндірушісі.

Вице-министр ағымдағы жылдың қаңтар айында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрықтарымен бекітілген дәрілік заттарға шекті бағалардың қалыптасуы туралы айтып берді.  Шекті бағалар биылғы жылы көтерме және бөлшек саудада өткізілетін препараттардың 6 715 атауын қоса алғанда, халық шығыстарының өсуін тежеу мақсатында әрбір жартыжылдықта белгіленеді.

Ол дәрілік заттардың шекті бағаларын қалыптастыру кезінде референттік баға белгілеу, өндірушілермен келісімшарттарды және импорттық бағаларды – инвойстарды талдау, сапаны бағалау шығындарын есепке алу, кедендік шығыстар, көлік шығыстары, көтерме және бөлшек саудада сату үшін маркетингтік шығыстар сияқты құралдар қолданылатынын түсіндірді.

Вице-министрдің ақпараты бойынша, фармацевтикалық препараттардың 4 296 (64%) позициясына шекті бағалар өткен жылдан өзгерген жоқ, 1 918 (28,5%) позицияға - өндіруші зауыт бағасының өсуі себебінен бағалар орта есеппен 30%-ға, 501 (7,5%) позицияға бағалар орташа есеппен 7%-ға төмендеді.

ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде дәрі-дәрмектердің шекті бағасына келетін болсақ, олар ведомствоның 2672 атауға арналған бұйрығымен бекітілген. Бұл ретте, қолданыстағы бұйрыққа сәйкес 1384 (52%) позицияға - шекті бағалар өткен жылдан өзгерген жоқ, 531 (20%) позицияға-өндіруші зауыт бағасының өсуі себебінен бағалар орта есеппен 27%-ға, 295 (11%) позицияға - бағалар орта есеппен 12%-ға төмендеді, 462 (17%) - жаңа позиция.

ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде дәрі-дәрмек бағасының негізсіз көтерілуін болдырмау үшін маркетингтік шығыстар алынып тасталғанын (30% мөлшерінде) және көлік шығыстарына шектеулер белгіленін (15%-дан аспайды) айта кеткен жөн.

2020-2022 жылдары дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға бағаны бақылау шеңберінде 243,3 млн.теңгеден астам сомаға айыппұл салумен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға шекті бағадан асып кетудің 911 фактісі анықталды, деп хабарлады вице-министр.

Ел халқын қамтамасыз ету үшін 2023 жылы ТМККК шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 1 669 атауы сатып алынатын болады, оның ішінде стационарлық көмек көрсету үшін шамамен 184 млрд.теңге сомаға 1 580 атау; амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін - 232 млрд. теңгеден астам сомаға 636 атау пайдаланылады.

Ел халқын қамтамасыз ету үшін 2023 жылы ТМККК және МӘМС шеңберінде Бірыңғай дистрибьютор өңірлерге жалпы сомасы 57,8 млрд.теңгеге 1600-ге жуық дәрілік зат пен медициналық бұйымды жөнелтті.

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қаржыландыру динамикасында 2019 жылдан бастап 2023 жылға дейін амбулаториялық деңгейде 83-тен 232 млрд.теңгеге дейін, ал нозологиялар саны 48-ден 126-ға дейін өсті. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген пациенттердің саны 2019 жылы 2,5 млн.-нан 2022 жылы 3,4 млн.-ға дейін өсті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив