Cемей2°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха-2°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
455 498.77 5.56

Берік Уәли Жарма ауданындағы жедел басқару орталығында болды

20-11-2026, 20:03

Бүгін аймақ басшысы Берік Уәли Жарма аудандық полиция бөлімінің жедел басқару орталығының жұмысымен танысты.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында жүзеге асырылған жобаның құны 371,2 млн теңге. Жоба аясында аудан аумағына 54 сыртқы стационарлық, 18 айналмалы және 3 ішкі бейнебақылау камерасы орнатылды. Сондай-ақ, көлік қозғалысының жылдамдығын өлшеуге арналған бес аппараттық-бағдарламалық кешен қарастырылған. Осылайша, жоба шеңберінде жалпы саны 80 бейнебақылау және жол қозғалысын бақылау құрылғысы орнатылды. Жалпы, Жарма ауданы бойынша 2685 бейнебақылау камерасы орнатылған.

Қазіргі уақытта аудандық полиция бөлімінде 88 қызметкер жұмыс істейді. Жедел басқару орталығы бейнебақылау камераларынан келіп түсетін ақпаратты жинақтауға, өңдеуге және сақтауға арналған сервермен жабдықталған.

Аймақ басшысы қоғамдық орындардағы қауіпсіздікті күшейту, құқық бұзушылықтардың алдын алу және бейнебақылау жүйесінің мүмкіндіктерін тиімді пайдалану қажеттігін атап өтті.

«Бейнебақылау камералары арқылы тіркелген әрбір құқық бұзушылық анық көрінеді. Бұл – бұлтартпас дәлел. Мұндай жүйелер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылауға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді. Бейнебақылау орнатылған жерлерде қылмыс жасау ықтималдығы да азаяды», – деді Берік Уәли.


Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив