Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
513 541.16 4.69

Әскери кадрларды әлемнің жетекші зерттеу орталықтарында даярлау перспективалары талқыланды

27-03-2024, 13:31 Думан Кенжеғазыұлы

Астанада Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-майор Асқар Мұстабеков пен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басқарма төрайымы Әлия Оспанованың кездесуі өтті.

Рәсім барысында Ұлттық қорғаныс университетінің басшысы әскери педагогтар мен магистранттар қатысатын іргелі және қолданбалы зерттеулерге тоқталды. 

Оқу орнының профессорлық-оқытушылар құрамы және магистранттарымен кездесуде Әлия Оспанова өзі басқаратын мекеме қызметінің бағыттары туралы айтып берді. Халықаралық бағдарламалар орталығы шетелде кадрларды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру іс-шаралар кешенін жүзеге асырады. «Болашақ» халықаралық президенттік бағдарламасын іске асырумен қатар мекеме үкіметаралық гранттар мен ғылыми тағылымдамалардың іргетасы болып табылады.

Әлия Оспанова Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың озық ғылыми технологиялар трансферті жөніндегі тапсырмасының орындалғаны жайлы хабардар етті. Бұл жоба әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында 500 ғалымның жыл сайынғы тағылымдамадан өтуін қолдайды.

Тараптар қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы білім беру бағдарламаларын іске асыруға қызығушылық танытты. Ынтымақтастық мамандардың кәсіби өсуіне және ел Қарулы күштерінің кадрлық әлеуетін нығайтуға ықпал ететін болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив