Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
513 541.16 4.69

Еліміздегі су қоймаларында бос орын дайындау үшін 400 млн текше метрден астам су жіберілді

2-04-2024, 20:03 Мадина Айдарова

Республикалық меншіктегі су қоймаларында бос орын дайындау үшін 400 млн текше метрден астам су жіберілді. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Үкімет отырысында еріген қар суын су қоймаларына жинау және оны қауіпсіз өткізу іс-шаралары туралы айтып берді.

Бүгінгі таңда еліміздегі республикалық меншіктегі 94 су қоймасы тағы 2 текше шақырымнан астам су қабылдай алады. Оңтүстіктегі 17 ірі су қоймасы орта есеппен 87% су жинады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 8%-ға артық. Ал, солтүстік өңірдегі 11 ірі су қоймасының су жинау көрсеткіші орта есеппен 84%-ды құрайды, бұл өткен жылғы деңгейден 5%-ға жоғары. Батыстағы 7 ірі су қоймасының орташа су жинау деңгейі 68%, бұл былтырғыдан 7%-ға аз. Шығыстағы 3 ірі су қоймасына өткен жылғы деңгейде, 65% су жиналды. Орталық Қазақстанның 4 ірі су қоймасы 90%-ға толы, бұл былтырғы көрсеткіштен 20%-ға артық.

«1 наурыздағы жағдай бойынша су тасқынын қабылдау және оны өткізу үшін су қоймаларында орта есеппен 60% бос орын болды. Қазгидрометтің болжамды деректерін ескере отырып, наурыздың үшінші онкүндігінде біз қосымша бос сыйымдылықтарды қамтамасыз ету үшін су қоймаларынан 400 млн. текше метрден астам су жібердік. Бұдан бөлек, Ақтөбе және Қарғалы су қоймаларында су ағынының көтерілу қаупін бағалау үшін Елек және Қарғалы өзендерінің бассейндеріне жоғарыдан тексеру жұмысы жүргізілді»,- деді министр Нұржан Нұржігітов.

Министрлік орталық, солтүстік, батыс және шығыс өңірлерде жергілікті органдармен бірлесіп су жинау және өткізу кезінде су тасқыны жағдайын болдырмау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Барлық су шаруашылығы нысандарында тәулік бойы кезекшілік және су шаруашылығы жағдайының тәуліктік мониторингі ұйымдастырылды.

Айта кету керек, министрлік 2030 жылға дейін 9 облыста жаңадан 20 жаңа су қоймасын салуды жоспарлап отыр. Бүгінгі таңда 9 нысанның жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр, оның ішінде 5 нысан бойынша құжат аяқталуда. Бұл 137 мыңнан астам тұрғыны бар 70 ауылдық елдімекенді су басу қаупін азайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, еліміз бойынша қолданыстағы 15 су қоймасы реконструкциядан өтеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив