Cемей23°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

3 сәуір сағат 10:00-де Мәжілістің жалпы отырысы өтеді

3-04-2024, 09:00 Мадина Айдарова

Депутаттар жылу-энергетика және электр энергетикасы мәселелері бойынша ілеспе түзетулерімен «Жылу энергетикасы туралы» заң жобасын бірінші оқылымда қарайды.

Сондай-ақ «Мемлекеттік сатып алу туралы» және сатып алу және заңнамалық актілерді нормалардың артық заңнамалық регламенттелуі тұрғысынан ревизиялау мәселелері бойынша заң жобалары да бірінші оқылымға шығарылады.

Екі заң жобасы аясында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске де тиісті өзгерістер енгізіледі.

Сонымен қатар депутаттар «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» заңға енгізілетін түзетулер мен Қазақстан мен Вьетнам арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау жобасын жұмысқа алады.

Тікелей эфирді parlam.kz ресми сайтынан, Мәжілістің YouTube арнасы мен Facebook парақшасынан, сондай-ақ 24KZ және Jibek Jolу телеарналарынан көре аласыздар.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив