Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
513 541.16 4.69

Сенаторлар аймақтарда тасқын сумен күреске көмектесті

4-04-2024, 20:03 Мадина Айдарова

Арман Өтеғұлов Батыс Қазақстан облысындағы тасқын су жағдайымен танысты. Сенатор су басқан аудандарды аралап, тасқын суға қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік жедел штабтың жұмысына үлес қосты.

Депутат тасқын судан зардап шеккен батыс қазақстандықтармен де кездесті. Сенатор халықтың жағдайымен танысты және тұрғындардың проблемаларынан хабардар болды және су тасқынынан келген шығынды бағалау мен өтеу мәселелерін талқылады.

Сергей Ершов Қарағанды облысындағы Шет ауданында болып, табиғи апаттан зардап шеккен тұрғындармен, облыстық мәслихат депутаттарымен және облыс басшылығымен кездесті. Жүздесулерде тасқын суға байланысты алдағы қауіп-қатердің алдын алу тетіктері талқыланды.

Сенатор сондай-ақ Нұра өзенінің арнасынан төмен орналасқан Бұқар жырау ауданында қаптармен бекіту, инертті материалдарды төгу және қорғаныс бөгеттерін нығайту жөніндегі алдын алу шараларының барысымен танысты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив