Cемей3°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
457.09 508.42 5.67

Мемлекет басшысы құтқарушылармен және еріктілермен кездесті

5-04-2024, 10:54 Мадина Айдарова

Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары кезінде ішкі істер органдары, Төтенше жағдайлар департаменті, Ұлттық ұлан қызметкерлерінен құралған құтқарушылар тобымен және су тасқынына қарсы шараларға белсенді қатысып жатқан еріктілермен жүздесті.

Кездесу барысында Президент табиғи апатпен күреске атсалысқан барлық азаматқа ризашылығын білдіріп, олар бүкіл еліміз үшін өте маңызды, игі іс атқарып жүргенін атап өтті.

– Көп ұзамай бұл жұмыстар да аяқталады. Қиындықты қалай да еңсереміз. Осында еңбек етіп жүрген құтқарушылар, полицейлер, еріктілер лайықты деңгейде марапатталады. Бұл міндетті түрде  менің бақылауымда болады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив