Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин техникалық реттеудің ақпараттық жүйесін цифрландыру мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Серік Мақашұлы Жұманғарин «Үкіметтің цифрлық кеңсесінде» техникалық реттеудің ақпараттық жүйесін цифрландыру мәселелеріне арналған жұмыс кеңесін өткізді.
Айта кету керек, бүгін жүйеде 4 мыңнан астам ұйым, 185 процесс, 22 мың пайдаланушының есептік жазбасы бар, өлшеу құралдарын тексеру туралы 170 мыңнан астам сертификат берілді (наурыз айында этикеткалар 160 мың берілді), ҚР МӨЖ тізілімінде 63 мың жазбамен қамтылған, жүйеде менеджмент жүйесінің 26 мың сертификаты берілді. Тек наурыз айында аккредиттеу салаларын өзектендіруге 128 өтінім және бастапқы не қайта аккредиттеуге 22 өтінім берілді.
Техникалық реттеудің ақпараттық жүйесіндегі жұмыс туралы ДСМ СЭБК төрағасы, Ветеринариялық қауіпсіздік желісі бойынша «Республикалық ветеринариялық зертхана» РМК өкілі, «НацЭкС» АҚ президенті, «Saiman» корпорациясының» бас метрологы сөз сөйлеп, жүйедегі оң әсерді және қазіргі уақытта шешуді талап ететін бірқатар мәселелерді атап өтті.
Көлік қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды. Көлік вице-министрі Т.Ластаев тасымалдауға рұқсат беру процесінде тахографтарды тексеру туралы сертификаттардың маңыздылығы туралы айтты.
Техникалық реттеу жүйелеріне қатысушылардың қазақстандық қауымдастығынан Дмитрий Савеленко сөз сөйледі, ол жүйенің жұмысында техникалық мәселелердің бар екендігін атап өтіп, оны оңтайландыру бойынша бірқатар шараларды ұсынды.
Күн тәртібінің соңғы тармағы Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің алдағы үш жылға арналған жүйені дамыту жоспарын әзірлеу тапсырмасы болды. Ол сондай-ақ сыртқы сарапшыларға деректерді ұсыну мүмкіндігін қарастыру және «ҰАТ» АҚ-мен ынтымақтастықта серверлік қуаттарды ұлғайта отырып, мәселелерді жедел шешу қажеттігін атап өтті.