Cемей28°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
540.87 632.01 6.76

Қазақстанда жыл басынан бері 40 тан астам сұр сертификат жойылды

27-07-2023, 13:24 Думан Кенжеғазыұлы

Ұлттық аккредиттеу орталығы аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу өлшемшарттарын сақтауына тұрақты негізде мониторинг жүргізеді. 2023 жылдың басынан анықталған бұзушылықтар нәтижесінде сәйкестікті растау жөніндегі органдар 41 сәйкестік сертификатының, 15 сәйкестік туралы декларацияның, 8 сынақ хаттамасының күшін жойды, бес аккредиттеу аттестаты кері қайтарып алынды: үшеуі – аккредиттеу саласының бөлігінде және екеуі толық.

ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің атына 93 ЕАЭО сәйкестік сертификаты, 72 ЕАЭО сәйкестік декларациясы және 10 ҚР сәйкестік сертификаты бойынша анықталған бұзушылықтар бойынша хаттар жолданды.

2022 жылғы мониторинг қорытындысы бойынша сәйкестікті растау жөніндегі органдар ҚР-ның 14 сәйкестік сертификатын, ЕАЭО-ның 43 сәйкестік сертификатын кері қайтарып алды. Екі аккредиттеу аттестаты толығымен кері қайтарылды, алтауы аккредиттеу саласында уақытша жарамсыз деп танылды. ҚР СИМ КТРМ көлік құралдары конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәліктердегі 80 бұзушылық бойынша мәліметтер жолданды.

Аккредиттеу критерийлерін сақтау бойынша аккредиттеу субъектілерінің қызметіне мониторингті «сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» ҚР Заңының 14-бабына сәйкес ҰАО жүргізеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив