Cемей22°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
479.26 546.21 6.13

Су тасқынымен күресу үшін Атырау облысына ҚТЖ арнайы пойыздары жөнелтілді

6-04-2024, 15:50 Мадина Айдарова

Су тасқыны салдарынан төтенше жағдай режимі енгізілген Құлсары станциясына Мақат және Бейнеу станцияларынан өрт сөндіру және шаюға қарсы күресу пойыздары жіберілді. Олар кесек тастармен, рельсті пакеттермен, шпалдармен жабдықталған. Басты міндет - су басқан ауданнан еріген суды сорып алу.  100 жуық теміржолшы жұмылдырылған. 

Еліміз бойынша барлығы толық жасақталған және кез келген уақытта 45 шайып кетуге қарсы пойыз су басқан жерге шығуға дайын.  Штаттан тыс жағдайларға дереу ден қою үшін 47 өрт сөндіру пойызы кезекшілік етуде.   

Су басқан аудандардан халықты теміржол арқылы эвакуациялау жалғасуда. 6 сәуір сағат 14.00-дегі жағдай бойынша  Атырау облысында теміржол көлігімен 2320 жолаушы тасымалданды.  

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив