Cемей11°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
461.26 542.58 6.18

«Қоғамдық бақылау туралы» Заң күшіне енді

6-04-2024, 20:54 Мадина Айдарова

«Қоғамдық бақылау туралы» Заңға сәйкес азаматтар түрлі нысандарда қоғамдық бақылауды жүргізу арқылы мемлекет ісін басқаруға қатысатын болады.

Заң қоғамдық бақылауды жүзеге асырудың негізгі ережелері мен принциптерін белгілейді.

Заңның басты негіздерінің бірі –объектілердің, қоғамдық бақылау субъектілерінің заңдылығы, жариялылығы, ашықтығы, тәуелсіздігі сияқты бірқатар маңызды қағидаттарды бекіту болып саналады.

Мәдениет және ақпарат министрлігі «Қоғамдық бақылау туралы» Заңның негізгі новелласы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және барлық облыс әкімдіктері мен мәслихаттарының өкілдері үшін бірқатар семинарлар жүргізілді.

Семинарлар қоғамдық кеңестердің мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері үшін де ұйымдастырылатын болады.

Ең жиі қойылатын сұрақтар мен жауаптар қосымшада.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив