Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
499.51 525.83 4.62

Роман Скляр СҚО-дағы құрылыс және жол-құрылыс компанияларының басшыларын су тасқынына қарсы шараларға көмек көрсетуге шақырды

7-04-2024, 19:30 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Солтүстік Қазақстан облысының құрылыс және жол-құрылыс компаниялары өкілдерімен жұмыс кеңесі өтті.

Кеңес барысында Роман Скляр бизнес өкілдерінің назарын ауыл тұрғындарының өміріне, өңірдегі әлеуметтік және стратегиялық нысандарға төнген қауіптің алдын алу мақсатында су тасқынына қарсы жұмыстарды ұйымдастыру үшін шұғыл түрде бірлесе әрекет етіп, қолда бар барлық күш пен арнайы техниканы жұмылдыру қажет екенін атап өтті. 

СҚО әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетовтің мәліметінше, облыс әкімдігі тұрғын үйлер мен әлеуметтік-мәдени нысандар салып жатқан өңірлік жол және құрылыс компанияларын су тасқынына қарсы жұмыстарға тартты. Оның сөзінше, кәсіпкерлер техникадан бөлек, қажет болған жағдайда арнайы техниканы резервтегі ЖЖМ-мен қамтамасыз етуге ниет білдірген.

Роман Скляр компания басшыларына техника мен адам күштерін тартудан бөлек, өздерінің де объектілердегі бақылау және үйлестіру жұмыстарының басы-қасында болуын тапсырды.

Кеңес қорытындысы бойынша вице-премьер Үкімет басшысы мен оның орынбасарлары су тасқынына қарсы шараларды үйлестіру үшін өңірлерде жүргенін және жағдайды Президент жеке бақылауында ұстап отырғанын еске салды.

«Қазір қаланы қорғау керек. Алдағы күндері осы міндетті ойдағыдай атқарғаннан кейін, көмек қажет болып жатқан өңірлерге, аудандарға ауысамыз. Сол себепті бәріміз бір адамдай жұмылып, су тасқынына қарсы жұмыстарға дереу кірісуіміз қажет. Баяу және ретсіз жұмыс істеуге болмайды.  Барлық жұмысты орындауға үш күніміз ғана бар», — деді Роман Скляр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив