Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
526.02 607.55 6.5

«Әуе көлігі» саласы бойынша салалық біліктілік шеңбері бекітілді

8-04-2024, 10:27 Мадина Айдарова

Азаматтық авиация академиясында азаматтық авиация саласындағы кәсіби біліктілік мәселелері бойынша Салалық кеңестің кезекті отырысы өтті.

Отырысқа Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Сәрсен Жарылғасов, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ және азаматтық авиацияның басқа да ұйымдарының өкілдері қатысты.

Отырыс барысында салалық кеңес жаңа салалық біліктілік шеңберінің жобасын қарастырдыжәне мақұлдады.

Салалық біліктілік шеңбері кәсіптік стандарттарды әзірлеудің іргелі құжаты болып табылады, ол өз кезегінде көлік (азаматтық авиация) саласындағы білім беру бағдарламаларының негізін құрауы және сала қызметкерлерінің құзыреттілігін бағалаудың әділ жүйесін құруы тиіс.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив