Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
499.51 525.83 4.62

БҚО-да Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты адамдарды алдын ала эвакуациялаудың екінші кезеңі басталды

8-04-2024, 18:19 Мадина Айдарова

Жайық бойындағы үйлер мен саяжайларда тұратын халық өзеннің арнасынан шығуына байланысты эвакуацияланады.

Бұл туралы кезекті әуеден барлаудан кейін облыста жүрген Премьер-Министрдің орынбасары Нұрлан Байбазаров мәлімдеді.

«2024 жылғы 8 сәуірдегі жағдай бойынша өзендегі су деңгейі 703 см-ге жетті және әлі де көтерілуде. Былтырғы максимум 557 см болған. Су Ресей Федерациясы тарапынан тасқынға байланысты Ирикла мен Приузен су қоймаларынан қарқынмен жіберіліп жатыр. Эвакуациялық пункттер азаматтарды қабылдауға дайын», — деді Нұрлан Байбазаров. 

Жайық өзенінің жағалауын нығайту және Орал қаласы мен облыстың төрт ауданында дамбалар салу жұмыстары жалғасып жатыр. Атап айтқанда,  Даринск, Байқоңыс, Озерный, Володар, Январцево, Ақсу, Рубежинское және т. б. ауылдардың маңында уақытша дамбалар салынады. 

Қала басшылығы тұрғындардан әкімдік өкілдері мен еріктілердің нұсқауларын орындауды сұрайды. Толық эвакуациядан кейін қажет болған жағдайда газ, су және электр қуаты өшіріледі. Эвакуацияланған аудандардағы құқықтық тәртіпті жергілікті полиция қызметі мен ТЖД қамтамасыз етеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив