Cемей-0°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
457.09 508.42 5.67

Астанада Терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі Қазақстан-Үндістан бірлескен жұмыс тобының 5-ші отырысы өтті

8-04-2024, 19:30 Мадина Айдарова

Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Талғат Қалиевтің төрағалығымен Терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі Қазақстан-Үндістан бірлескен жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.

Іс-шараға екі елдің сыртқы саяси министрліктері және мүдделі ведомстволарының өкілдері қатысты. Отырыс барысында қатысушылар аймақтық және жаһандық қауіп-қатерлерді өзара бағалаумен алмасып, терроризмге, экстремизмге және радикалдануға қарсы күрестегі қазіргі сын-қатерлерді, соның ішінде есірткінің таралуы мен жаңа технологияларды қолданудан туындаған қатерлерді талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты негізде және халықаралық ұйымдар шеңберінде ынтымақтастықты нығайту туралы уағдаластықтарға қол жеткізді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив