Жаңа тұрғын үй бағдарламасын іске қосуға 300 млрд теңге бөлу жоспарланған
Бұл туралы Мемлекет басшысымен кездесу барысында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты.
Баяндама аясында Министр құрылыс саласындағы динамика туралы хабарлады. Өткен жылы 157 мың тұрғын үй салынды, бұл 17,5 млн шаршы метр, ал ағымдағы жылы жоспар 18 млн шаршы метр немесе 172 мың пәтер салуды көздейді. Құрылыстың өсімі Алматы қаласы - 95% және Маңғыстау облысы – 78,2% қоспағанда, 18 өңірде тіркелді.
Ағымдағы жылғы қаңтар-ақпан айларында 2,1 млн м2 тұрғын үй пайдалануға берілді. 21,4 мың несиелік және арендалық тұрғын үй салынды және сатып алынды және 7,3 мың 2% және 5% жеңілдікпен несие берілді. Тұрғын үйді жалға беруді субсидиялау үшін 10,1 мың азаматқа 5,3 млрд теңге төленсе, түскен 72 мыңға жуық өтініштің 18 мың өтініші қанағаттандырылды.
Биыл мемлекет жалдамалы тұрғын үй құрылысы мен сатып алуға 300 миллиард теңгеден астам қаражат бөлуді жоспарлап отыр. Бұл қаражат 22 мыңға жуық пәтерді салуға және сатып алуға мүмкіндік береді.
Қанат Шарлапаев ағымдағы жылдғы 1 наурыдан бастап іске қосылған «9-20-25» тетігі бойынша ипотекалық несиелеудің жаңа бағдарламасына тоқталды.
Сондай-ақ, ауылдық елді мекендерде тұрғын үй құрылысын ынталандыру мақсатында ағымдағы жылдан бастап өз қызметкерлері үшін тұрғын үй салу кезінде жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау тетігі енгізілді.
«Отбасы Банк» арқылы жалпы қаржыландыру көлемі 300 млрд теңгені құрайтын жаңа бағдарлама іске қосылады. Бағдарлама 12 мың несие беруге мүмкіндік беріп, ипотекалық несиелендіруді азаматтарымыз үшін қолжетімді етеді. Осы бағдарлама аясында халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін 7 пайыздық сыйақы мөлшерлемесімен, ал қалған барлық санаттағы азаматтар үшін 9 пайыздық мөлшерлемемен жеңілдікті шарттар қарастырылады», - деді министр.
2024 жылы «Отбаса Банк» базасында тұрғын үйді орталықтандырылған есепке алуды, қамтамасыз етуді және бөлуді қамтамасыз ететін толыққанды даму және қолдау институтын құруды көздейтін «Тұрғын үй саясатын реформалау туралы» Заң қабылдау жоспарлануда. Сондай-ақ «Отбасы банкі» базасында санатына қарамастан барлық азаматтар тіркеле алатын Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы құрылады. Бұл «бір терезе» қағидатын қолдануға мүмкіндік береді, мұнда әрбір өтініш бойынша отбасының цифрлық портреті қалыптасады және мұқтаж азаматтың отбасы жағдайының барлық сипаттамалары толығымен ескеріледі.
Заң жобасын қабылдау азаматтардың барлық санаттары арасында тұрғын үйді әділ бөлудің бірыңғай тетігін енгізуге мүмкіндік береді.