Cемей23°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Мұхтар Тілеуберді Қырғызстан СІМ басшысымен кездесті

28-02-2023, 13:04 Думан Кенжеғазыұлы

Астана, 2023 жылғы 28 ақпан – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаевпен «С5+1» форматындағы Орталық Азия елдері мен АҚШ сыртқы саяси ведомстволары басшыларының министрлік кездесуі шеңберінде келіссөздер өткізді.

Тараптар дәстүрлі достық және сындарлы сипатта екіжақты қатынастардың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылап, бауырлас елдер арасындағы көпжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге бейілділігін атап өтті.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 26 мамырдағы Қырғыз Республикасына ресми сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруда оң динамика қанағаттанушылықпен атап өтілді.

Өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге ерекше назар аударылды. Халықаралық аренада өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға қызығушылық білдірілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив