Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Мемлекет басшысының саяси реформаларын АҚШ толығымен қолдайды

1-03-2023, 09:13 Думан Кенжеғазыұлы

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің Қазақстан Республикасына алғашқы ресми сапары өтті.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің Энтони Блинкенмен кездесу аясында тараптар екіжақты және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады, сондай-ақ екіжақты саяси диалогты дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Елдер арасындағы, әсіресе ынтымақтастықтың экономикалық және инвестициялық салаларындағы қатынастардың барлық кешенін одан әрі жандандыруға үміт білдірілді.

«Күшейтілген өзара іс-қимылдың қолданыстағы тетіктері – Кеңейтілген стратегиялық әріптестік жөніндегі комиссия және Адам құқықтары мен демократиялық реформалар жөніндегі жоғары деңгейдегі диалог Қазақстан мен Құрама Штаттары арасындағы екіжақты әріптестікті нығайтуға көмектеседі», – деп атап өтті М. Тілеуберді.

Мемлекеттік хатшы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси және экономикалық реформаларына берік қолдау білдіріп, демократиялық даму, заң үстемдігін нығайту және азаматтық қоғамның рөлін кеңейту саласындағы ынтымақтастыққа дайын екендігін растады.

Энергетикалық қауіпсіздік, климаттық өзгерістер, көлік маршруттарын әртараптандыру және санкциялық шектеулер жағдайында өзара сауда саласындағы ынтымақтастықты ілгерілетуде тараптардың мүдделерін ескеру қажеттілігі туралы өзара түсіністікке қол жеткізілді.

Сол күні қазақстандық СІМ-де Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен, Қырғызстанның Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев, Тәжікстанның Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддин, Түрікменстанның Сыртқы істер министрі Рашид Мередов пен Өзбекстанның Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидовтың қатысуымен С5+1 форматында жоғары деңгейдегі кезекті кездесуі өтті.

Министрлік кездесуінде экономикалық және энергетикалық ынтымақтастық, климаттың өзгеруі, сондай-ақ контртерроризмді қоса алғанда көптеген мәселелер талқыланды.

Келіссөздер нәтижесінде С5+1 елдері өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша пікір алмасуды одан әрі жалғастыруға келісті.

Бүгінде С5+1 тетігі Орталық Азияның көпжоспарлы дамуын қамтамасыз ету ісінде өңірлік ынтымақтастықтың тиімді дипломатиялық алаңы ретінде өзін көрсетіп келеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив