Cемей25°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
476.27 515.47 5.41

Әлем чемпионатына дайындық қарсаңындағы маңызды бастама аяқталды

21-05-2024, 14:22 Мадина Айдарова

Ресей Федерациясының Волгоград қаласында «Дружба» кубогы мен «Золотая штурмовка»  жүлдесі халықаралық жарыстарының соңғы төртінші күні өрт-құтқару спорты бойынша  ерлер мен әйелдер арасында жауынгерлік қанат жаю түрінен өтті.

Ерлер құрама командалары арасында Қазақстанның ерлер ұлттық құрамасы 25,83 секунд нәтижемен 4-орынға ие болды.

Әйелдер құрама командалары арасында Қазақстанның әйелдер ұлттық құрама командасы 27,43 секунд нәтижемен жүлделі 3-орынд иеленді.

Өрт-құтқару спортынан ерлер арасындағы жарыс қорытындысы бойынша Қазақстанның ерлер ұлттық құрама командасы жалпы командалық 4орынға ие болды.

Әйелдер құрама командалары арасында Қазақстанның әйелдер ұлттық құрама командасы жүлделі 3-орынға иеленді.

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстанның қоржынында 7 қола медаль бар.

Бұл жарыстар 2024 жылғы 5-11 қыркүйек аралығында Қытай Халық Республикасының Харбин қаласында өтетін Әлем чемпионаттарына ұлттық құрама командаларды дайындауда және іріктеуде маңызды рөл атқарады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив