Абай облысының мектеп түлегі «Үздік сарбаз» атанды
С.Нұрмағамбетовтің 100 жылдығына орай халықаралық Айбын әскери патриоттық жастар жиыны өтті. Оған 6 мемлекеттен 700-ден аса жас сарбаз қатысты. Облыстың мектеп түлегі Олжас Самархан 750 қатысушының ішінен топ жарып «Үздік сарбаз» атанды.
Олжас – Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияның биылғы түлегі. Ол Абай облысының «Абай Қырандары» командасында өнер көрсетіп келеді. 9-сыныптан бастап АӘД мұғалімі Серік Түсіповтың жетекшілігімен «Жас Қыранға» қабылданды.
Облыстық, республикалық сайыстарда көп жетістікке жетті: «SMART SARBAZ» - І орын, «Айбын дарыны» - І орын, Ак-74 қаруын жартылай бұзып-жинақтаудан - І орын, ОЗК киюден - І орын, кермеге тартылудан - ІІ орын.
Олжас Самархан - Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің толық грант иегері. Сондай-ақ робототехникадан Индонезияда өткен халықаралық чемпионатта үлкен жетістікке жетті.