Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
467.48 539.52 5.73

Ақсуат ауданында жаңа мәдениет үйі ашылды

24-06-2024, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

Ақсуат ауданы Жантікей ауылында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында салынған жаңа мәдениет үйінің салтанатты ашылуы өтті.

Ашылу салтанатында лентаны қию «Құрмет» орденінің иегері және ауданның «Құрметті азаматы» Айгүл Дәурбекқызына, сондай-ақ педагог Лиза Кәрімқызына берілді.

Іс-шара барысында Сара Қажыкенова, Рая Алпысбекқызы және Гүлшайда Сәлімжанова Алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен қатар, Сағади Құлжабаев «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.

Жаңа мәдениет үйі заманауи және қажетті жабдықтармен жабдықталған. Ауданның мәдени өмірін дамыту үшін театр труппасын құру және әртістерді тарту жоспарлануда.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив