Тарифті Инвестицияларға айырбастау: Абай облысында бағдарламаны қалай іске асырады
Бағдарлама инженерлік желілерді жөндеуді жеделдету, сондай-ақ жұмысшылардың жалақысын көтеру үшін жаңа инвестицияларды тарту үшін қажет.
Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Абай облысы бойынша департаментінің басшысы Мейір Мәдиев өңірлік коммуникациялар қызметінде мәлімдеді.
Сонымен қатар, спикердің айтуынша, қосымша инвестициялар мен басқа да шығыстарға қажетті барлық шығындарды ескере отырып, реттелетін сумен жабдықтау қызметі бойынша тариф жобасы текше метр үшін 159,27 теңгені (бұрын – текше метр үшін 125,82 теңге), су бұру қызметі бойынша – текше метр үшін 126,36 теңгені (бұрын – текше метр үшін 95,46 теңге) құрайды.
2024 жылы тарифтерді өзгерту шеңберінде коммуналдық кәсіпорындардың өндірістік персоналының 60 қызметкері үшін жалақыны орташа деңгейге дейін көтеру туралы шешім қабылданған. Соның нәтижесінде ең төменгі жалақысы 121 679 теңгеге дейін және ең жоғары жалақы 152 168 теңгеге өзгерген.