Жаңа психологиялық қолдау орталығы ашылды
Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау - Қазақстанның мемлекеттік саясатының басымдығы. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» Жолдауында жастардың психикалық денсаулығының маңыздылығына ерекше тоқталған болатын. Президент білім беру мекемелерінде психологиялық қолдауды күшейту, Бірыңғай сенім телефонын ұйымдастыру және зорлық-зомбылыққа, қысымға тап болғандарға көмек көрсету бағдарламасын әзірлеу қажеттігін де тапсырған еді.
Сол тұрғыда балаларды зорлық-зомбылық пен суицидтен қорғаудың 2023-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарына сәйкес Қазақстанда балалардың қауіпсіздігі мен оларға білікті көмек көрсету жүйесі қолға алынды. Сонымее қатар Абай облысы әкімдігінің қаулысы бойынша Абай облысы білім басқармасының «Өңірлік психологиялық қолдау әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды.
Жаңа орталық балаларға кәсіби психологиялық көмекке қол жеткізуді және білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметті үйлестіруді қамтамасыз етеді. Оның мақсаты-қиын өмірлік жағдайларда білім беру процесіне қатысушыларды қолдау, психологиялық әл-ауқатты нығайту және педагог қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттыру. Орталық 7 түрлі негізде қызмет көрсетеді.
Нақты толық ақпаратты аталған орталықтың call-center жұмыс номерінен алуға болады: 87711763389