Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.96 533.03 5.22

Абай облысында ішкі саясат басқармасының қолдауымен журналистер форумы өтті

28-06-2024, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

Семейде бұқаралық ақпарат құралдары күні қарсаңында «Abay Media Group» ЖШС ұйымдастыруымен өткен «Abai Media Week - 2024» семинар-тренингінде облыс журналистері бас қосты. Форум аясында БАҚ өкілдері, ішкі саясат саласында жұмыс істейтін мамандар мен баспасөз хатшылары үшін бірқатар тренингтер өтті.

Шақырылған сарапшылардың қатарында PR-маман, медиа-жаттықтырушы және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы баспасөз хатшысы Асель Артакшинова, «Халық үні» медиахолдингі бас директорының орынбасары және Президенттік грант иегері Жандос Смайлов болды.

«Бұндай іс-шаралар тәжірибе алмасу үшін керек. Журналистер мен баспасөз хатшылары бас қосқан ерекше семинар болды. Әріптестерімізбен алда әлі де бірге жұмыс жасаймыз деп сенемін. Әрине, тәжірибе алмасатын, жаңа ақпаратпен бөлісетін осындай форумдар облысымызда өте бергенін қалаймыз» - деді Көкпекті ауданы Ішкі саясат бөлімінің басшысы Азат Рахымбаев.

Тренинг аяқталғаннан кейін қатысушыларға естелік сыйлықтары бар шоппер мен алғыс хаттар табысталып, кофе-брейк ұйымдастырылды.

Облыстық журналистер форумы алдағы уақытта жыл сайын ұйымдастырылатын хабарлаймыз.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив