Cемей6°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
467.58 543.66 6.44

Абай облысы Бородулиха ауданының тұрғындары көлдің жағасын тазартты

1-07-2024, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

Бородулиха ауылында Үлкен көлдің жағалауын тазарту бойынша ауқымды экологиялық акция өтті. «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «AMANAT» партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен өткен сенбілікке қатысушылар 100-ден астам қап қоқыс жинады.

Сенбілікке аудандық мәслихат депутаттары, түрлі ұйымдар мен мекемелердің қызметкерлері, сондай-ақ «Жасыл Ел» еңбек жасағының сарбаздары белсенді қатысты. Олар бірлесе бір жарым гектар жағажай аумағын қоқыстан тазарта алды.

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен бүкіл ел бойынша өтуде.  Оның басты мақсаты - қоршаған ортаны қорғау және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

-  Мұндай акцияларды өткізу өте маңызды. Тазалық әрқайсымыздан басталады. Алдағы уақытта демалушылар табиғатқа аса ұқыпты қарап, көл жағасында қоқыс қалдырмайды деп үміттенемін, - дейді Бородулиха ауылының тұрғыны Мейрамгүл Атаева.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив